Төлем, қызметті алу және қайтару
Qut Pay — счёт шығару мен төлемдерді есепке алуды автоматтандыратын жазылымды бағдарламалық сервис (SaaS). Сатушы — ЖК INFOHUB.KZ, ЖСН 881218302809 (деректемелер). Пайдалану шарттары — жария офертада.
Не сатылады
Таңдалған мерзімге тариф бойынша сервиске қолжетімділік. Бағалар бір айға теңгемен көрсетілген және түпкілікті: бағадан тыс салық не қосымша алым алынбайды, жеткізу құны жоқ (қызмет цифрлық).
| Тариф | Айына бағасы | Айына счёт | Кімге |
|---|---|---|---|
| Бастау | 4 990 ₸ | 800-ге дейін | жеке мамандар, шағын дүкендер |
| Бизнес | 14 900 ₸ | 4 000-ға дейін | интернет-дүкендер, сервистер |
| Про | 39 900 ₸ | 15 000-ға дейін | ірі дүкендер мен платформалар |
| Серіктес | 79 900 ₸ | 30 000-ға дейін | интеграторлар, келісім бойынша |
Бірден 1, 3, 6 немесе 12 айға төлеуге болады; баға ай санына көбейтіледі. Жаңа ұйымға 7 күн тегін. Толығырақ: Тарифтер.
Тапсырыс беру тәртібі
- qut.kz/app бетінде тіркеліңіз: телефон нөмірі және растау коды (немесе Google арқылы кіру).
- Ұйым жасаңыз.
- «Тариф» бөлімін ашып, тариф пен мерзімді (1–12 ай) таңдаңыз.
- «Төлеу» батырмасын басыңыз — тапсырыс сомасы мен сипаттамасы бар төлем беті ашылады.
- Ыңғайлы тәсілмен төлеңіз (төменде).
- Төлем расталған сәтте тариф өзі қосылады; кабинетте тапсырыс «төленді» күйінде шығады, поштаға немесе Telegram-ға хабар келеді. Тапсырыстар тарихы сол бөлімде.
Төлем тәсілдері
- Kaspi — Kaspi.kz қосымшасында QR-кодпен немесе сілтемемен, сондай-ақ нөміріңізге Kaspi.kz қосымшасына счёт (тариф баптауында қосулы болса).
- Visa, Mastercard банк картасы — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қорғалған төлем бетінде (Epay), 3-D Secure растауымен. Тәсіл қосылу үстінде.
Тарифті төлегені үшін Qut Pay сатып алушыдан комиссия алмайды.
Қызметті алу
- Мерзімі: төлем расталған бойда, әдетте бір минут ішінде.
- Тәсілі: qut.kz/app жеке кабинетіндегі қолжетімділік; физикалық жеткізу жоқ.
- Аумағы: Қазақстан Республикасы.
- Шектеулер: сервис Қазақстанда тіркелген және Kaspi Pay бизнес-аккаунты бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған. Қызметтің өзінде экспорттық не лицензиялық шектеу жоқ.
Тапсырыстан бас тарту
- Төлемге дейін тапсырысты төлемеуге болады: төленбеген счёт төлем мерзімі біткенде өзі жабылады, ештеңе есептен шығарылмайды.
- Төлемнен кейін бүкіл төленген кезең ішінде қайтару туралы өтінішпен бас тартуға болады (төменде).
Ақшаны қайтару
- kazprose@gmail.com поштасына немесе кабинеттегі «Қолдау» бөліміне өтініш жазыңыз: ұйым, тапсырыс нөмірі, себебі, қайтару сол картаға болмаса — деректемелер.
- Төленген кезеңнің толық пайдаланылмаған айларының құны нақты шеккен шығындарды шегергенде қайтарылады (офертаның 4.4-тармағы).
- Шешім мен қайтару — өтініш күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде.
- Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады: сол банк картасына немесе Kaspi-ге. Картаға түсу мерзімі эмитент банкке байланысты, әдетте 30 күнге дейін.
Сервис біздің кінәмізбен жұмыс істемесе, жұмысын қалпына келтіріп, тоқтап тұрған уақытқа тарифті ұзартамыз немесе сол кезеңнің ақшасын қайтарамыз — таңдау сізде. Төлем өтіп, тариф қосылмаса, қолдауға жазыңыз: тапсырысты нөмірі бойынша тексеріп, тарифті қолмен қосамыз.
Төлем қауіпсіздігі
- Банк картасының деректері тек банктің төлем бетінде енгізіледі; Qut Pay карта нөмірін, мерзімін және CVV-ді қабылдамайды, көрмейді, сақтамайды.
- Картамен төлем 3-D Secure технологиясымен расталады (Visa Secure, Mastercard ID Check).
- Сайт пен кабинетке қосылу HTTPS (TLS) арқылы қорғалған; кабинетке тек расталған телефон нөмірімен кіреді.
- Әр төлем банк хабарламасы мен статусты қайта сұрау арқылы тексеріледі; күдікті белсенділік автоматты бақыланады.
- Жеке деректер құпиялық саясатына сәйкес өңделеді.
Байланыс
Төлем мен қайтару бойынша сұрақтар: +7 778 881 3333 (WhatsApp), @qutpaybot, kazprose@gmail.com, күн сайын 09:00–21:00 (Алматы). Барлық деректемелер — Байланыс бетінде.