Qut Pay · TikTok пен Instagram эфирі
Эфирде сатасыз ба? Kaspi шоты WhatsApp-та бронь нөмірі бойынша кетеді
TikTok эфирде телефон нөмірін жазуды шектейді, сондықтан сатып алушыларды WhatsApp-қа жазуға шақырасыз. Енді әрқайсысына шотты қолмен жасамайсыз: сатып алушы «4412» деп жазады, бот соманы сұрайды — Kaspi шоты оның Kaspi қосымшасына кетеді, ал кім төлегенін кабинеттен көресіз.
Тегін
кеңейтім кез келген Qut Pay тарифіне кіреді
- Тарифтің айлық лимитіне тек төленген шот саналады
- Kaspi өз комиссиясын бөлек ұстайды
- Алдымен тест режимінде сынап көресіз
Эфирде қалай жүреді
Бронь нөмірін айтасыз
Тауарды көрсетіп, «Ұнаса, нөміріңіздің соңғы 4 санын жазыңыз» дейсіз. Сатып алушы броньдайды: «4412 — қара куртка».
Сатып алушы WhatsApp-қа жазады
«4412». Бот: «Бронь №4412. Қанша сомаға шот жіберейін?»
Соманы жазады
«5000», «5 мың», «3500 ден екі» — бот түсінеді де, оның нөміріне «Бронь нөмір: 4412» түсініктемесімен Kaspi шотын жібереді.
Төлейді
Төлегенде сол чатқа «✅ Төленді» жазылады, сатып алушы кабинеттегі тізімге түседі.
Бот не істейді
Соманы оқиды
«7000», «5 мың», «3 500 × 2», «по 3500 две» — еркін жазылған соманы түсінеді, есебін чатқа жазады: «(3 500 × 2)».
Нөмірді сұрайды
Нөмірі Kaspi-де болмаса не WhatsApp нөмірді жасырса, Kaspi-ге тіркелген нөмірін сұрайды да, сатып алушы жазған нөмірге шот жібереді.
Сұраққа менеджер жауап береді
Боттың жұмысы шотпен бітеді. Сатып алушы соманың орнына сұрақ жазса (өлшемі, жеткізу), бот үндемейді — кабинетте чат «Менеджер жауап берсін» тізіміне түседі.
Екінші шот жасамайды
Сатып алушы бронь нөмірін қайта жазса, жаңа шот ашпайды — бұрынғы шотты еске салады.
«Эфир жүріп жатыр»
Эфир кезінде батырманы қоссаңыз, бот сандарсыз жазған жаңа чатқа да бронь ашады. Таңдаған уақыттан кейін өзі өшеді.
Төлегендер тізімі
Кім, қанша, қашан төлегені Кабинет → «Эфир-сауда» бөлімінде жиналады. Тізімді CSV етіп жүктейсіз.
Соманы сөзбен жазатын сатып алушылар көп болса («үш жарым мыңнан екеуі»), кабинетте «ЖИ» ауыстырғышын қосуға болады: ЖИ соманы сатып алушының сөзінен оқиды, ал Qut Pay соманың сатып алушы жазған сандардан құралғанын тексереді. Бұл міндетті емес, айлық лимиті тарифке байланысты. Жауаптарда сілтеме болмайды, мәтіндерін қазақша, орысша не екі тілде өзіңіз өзгертесіз.
Телефоннан: Qut Pay нөміріне бір жол
Кеңейтім компьютерде жұмыс істейді. Эфирден тыс, телефоннан шот жіберу үшін Qut Pay-дің WhatsApp нөміріне бір жол жазасыз — өз WhatsApp-ыңыз өзгермейді.
12000 77011234567
Клиенттің Kaspi қосымшасына 12 000 ₸ шот кетеді. Төленгенде сол чатқа «✅ Төленді» деп хабар келеді.
12000 77011234567 Көйлек
Дәл солай, бірақ сипаттамасымен: клиент шотта не үшін төлейтінін көреді.
12000
Тек сома жазсаңыз, төлем сілтемесі келеді — оны клиентке өзіңіз жібересіз.
Басқа командалар: «бүгін» — бүгінгі түсім, «соңғы» — соңғы шоттар, «болдырмау inv_…» — шотты болдырмау. Кабинетке кірген нөміріңізден жазасыз. Көмекшілеріңізді Кабинет → «Қызметкерлер» бөліміне қоссаңыз, олар да өз нөмірінен жаза алады. Баптауы: Кабинет → Баптау → «WhatsApp арқылы счёт».
Екеуін бірге қолдануға болады: эфир кезінде компьютердегі кеңейтім жауап береді, ал жолда жүргенде телефоннан Qut Pay нөміріне жазасыз. «Бизнес» тарифінен бастап компьютерсіз де болады: WhatsApp нөміріңізді QR арқылы Qut Pay серверіне қосасыз.
Алдын ала білетініңіз
- Бұл WhatsApp-тың ресми құралы емес. WhatsApp автоматты жауаптарға шектеу қоюы мүмкін.
- Бот ешкімге өзі бастап жазбайды, хабар таратпайды — тек сізге бірінші жазған сатып алушыларға жауап береді.
- Бот тек шот жібереді: тауар іздемейді, бағаны білмейді, сұрақтарға сіз не менеджеріңіз жауап бересіз.
- Кеңейтім телефонда жұмыс істемейді: компьютерде Chrome және ашық тұрған WhatsApp Web керек.
- Chrome Web Store-да бар: бір батырмамен орнатылады.
Қалай қосылады
Тіркелесіз
qut.kz/app-та тіркеліңіз. Нақты шот үшін Kaspi Pay кассиріңізді қосасыз, ал сынауды тест режимінде бастай аласыз.
Кеңейтімді орнатасыз
Chrome Web Store → «Установить».
Кілтті қоясыз
Кабинет → «Эфир-сауда» → «Кеңейтімге кілт жасау». Кілтті кеңейтім терезесіне қоясыз.
WhatsApp Web-ті ашасыз
web.whatsapp.com ашық тұрса болды: төменгі сол жақ бұрышта «Qut Pay ●» белгісі шығады.
Бағасы
Кеңейтім де, Qut Pay нөміріне жазу да кез келген Qut Pay тарифінде бар, бөлек төлемейсіз. Әр шот — кәдімгі Qut Pay счёты: төленсе, тарифтің айлық лимитіне бір төлем болып саналады (тегін тарифте — айына 20 төлем). Kaspi өз комиссиясын бөлек ұстайды. Толығырақ: тарифтер.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл WhatsApp-тың ресми құралы ма?
Жоқ. Кеңейтім WhatsApp Web ішінде сіздің атыңыздан жауап жазады, оны WhatsApp шығарған жоқ және мақұлдаған жоқ. Qut Pay — тәуелсіз сервис, Kaspi Bank-тің де серіктесі емес.
Нөмірімді WhatsApp бұғаттап тастамай ма?
Кепілдік бере алмаймыз. Бот тек өзі жазғандарға жауап береді, ешкімге бірінші жазбайды, жауап алдында адамша кідіреді, сілтеме жібермейді. Бірақ WhatsApp шектеу қоюы мүмкін. Жауаптарды қысқа ұстаңыз. Тәуекел алғыңыз келмесе, Qut Pay нөміріне жазу тәсілін қолданыңыз — ол өз WhatsApp-ыңызда ештеңе өзгертпейді.
Телефонда жұмыс істей ме?
Кеңейтім — жоқ: оған компьютердегі Chrome мен ашық WhatsApp Web керек. Ал Qut Pay нөміріне жазу телефоннан да жұмыс істейді: 12000 77011234567 деп жазасыз.
Сатып алушының нөмірі Kaspi-де болмаса ше?
Бот сатып алушыдан Kaspi-ге тіркелген нөмірін сұрайды да, ол жазған нөмірге шот жібереді. WhatsApp нөмірді жасырған жағдайда да солай істейді.
Сатып алушы сома емес, сұрақ жазса ше?
Бот жауап бермейді. Кабинеттегі «Менеджер жауап берсін» тізімінде сол чат пен сатып алушының соңғы хабары шығады — «WhatsApp-та ашу» басып, өзіңіз жауап бересіз. Сатып алушы кейін соманы жазса, бот шотты әдеттегідей жібереді.
Instagram эфирінде де бола ма?
Иә. Сатып алушы қайдан келгені маңызды емес — TikTok, Instagram не басқа эфир. Ол бронь нөмірін WhatsApp-ыңызға жазса болғаны. Instagram Direct-тегі хабарларды кеңейтім оқымайды.
Нақты ақшасыз сынап көруге бола ма?
Иә, тест режимі бар: шоттар тест ретінде жасалады, ешкімнен ақша алынбайды. Досыңызға нөмірінің соңғы 4 санын жазғызып, бәрін эфирге дейін тексересіз.
Сатып алушы бронь нөмірін екі рет жазса, екі шот кете ме?
Жоқ. Бот жаңа шот ашпайды, бұрын жіберілген шотты еске салады.
Келесі эфирге дайындалыңыз
Тіркеліңіз, кеңейтімді қосып, тест режимінде сынап көріңіз.
Qut Pay — тәуелсіз сервис, Kaspi Bank-тің серіктесі емес; WhatsApp, TikTok және Instagram-ға да қатысы жоқ. Жұмыс үшін Kaspi Pay бизнес-аккаунты (ЖК немесе ЖШС) керек. Толығырақ: нұсқаулық, тарифтер, сенім орталығы.