← qut.kz

Сенім орталығы

Мұнда «сеніңіз» дейтін емес, тексеруге болатын нәрселер жиналған. Фактіні сілтемемен тексеру мүмкін болмаса, солай деп жазамыз. Тізімдегі бірдеңе өзгерсе, бет жаңарады.

Күйі мен қолжетімділік

api.qut.kz, сайт, кабинет, құжаттама және төлем бетінің қолжетімділігін тәуелсіз монитор өлшейді: Upptime GitHub Actions-та 5 минут сайын жүреді, әр тексеру мен әр ақау ашық репоға коммит болып жазылады — тарихты кейін түзету мүмкін емес.

Сандар туралы адалдық: мониторинг 2026 жылғы 25 қазанда қосылды. 30 күндік дерек жиналғанша ешқайда «99,9 %» деп жазбаймыз. Бағдар — айына 99,5 %; бұл шарттық міндеттеме емес, «Неге кепілдік бермейміз» бөлімін қараңыз.

Қауіпсіздік шаралары

НеҚалай жасалған
АқшаQut Pay арқылы өтпейді. Счёт сіздің Kaspi Pay кассиріңіздің атынан шығады, сатып алушы тікелей сіздің Kaspi бизнес-шотыңызға төлейді. Платформаның ақшаңызға қолы жетпейді.
Кассир сессиясыШифрланған күйде сақталады (AES-256-GCM); Kaspi Pay паролі сақталмайды да, сұралмайды да; кіру — кассирдің өзі енгізетін SMS-код арқылы.
API кілттеріБазада тек кілттің хэші; кілт бір рет көрсетіледі. qp_live_ / qp_test_ префикстері нақты және сынақ төлемдерді бөледі. Құқықтар scope-пен шектеледі (мысалы, тек счёттарды оқу).
WebhookӘр хабар HMAC-SHA256-мен және уақыт белгісімен қол қойылады; ~2 сағат ішінде 11 ретке дейін қайталанады, қатарынан 5 қате болса адрес кідіртіледі.
Кабинетке кіруWhatsApp батырмасы, бір реттік код, Telegram немесе Google; сессия cookie-і HttpOnly, тек HTTPS. Әр ұйымның әрекет журналы (audit log) бөлек.
Шамадан тыс жүктемеден қорғауКілтке және IP-ге сұраныс лимиті, счёт сомасының шегі, циклге түскен интеграциядан сақтайтын күндік шек.
ИнфрақұрылымСерверлер Қазақстанда, барлық адресте TLS, 5 минут сайын сыртқы watchdog, қайта қосу және әкімшіге Telegram хабары.
Жеке деректерТек счёт шығару мен хабарлауға керегін жинаймыз, сатпаймыз, Kaspi (счёт) пен WhatsApp/Telegram-нан (хабар) басқа ешкімге бермейміз. Толығырақ — құпиялылық саясаты.

Тәуелсіз қауіпсіздік аудиті әзірге өткізілген жоқ. Архитектура мен шаралар ашық сипатталған (осы бет, интеграция қауіпсіздігінің 12 тармағы, құжаттама); аудит өткен соң мұнда ұйымның аты, күні және есептің жария нұсқасы шығады.

Осалдық таптыңыз ба? kazprose@gmail.com поштасына «security» тақырыбымен жазыңыз. 3 жұмыс күнінде жауап береміз, адал зерттеушілерді қудаламаймыз.

Резервтік көшірмелер мен ақаулар

Kaspi-ге тәуелділік — басты тәуекел

Qut Pay — тәуелсіз сервис, Kaspi Bank-тің серіктесі емес. Автоматтандыру сіздің Kaspi Pay бизнес-аккаунтыңыздағы штаттық «Кассир» рөлі арқылы жұмыс істейді: сервис қолында телефоны бар қызметкер істейтінді ғана істейді, тек телефонсыз. Kaspi-де бөгде сервистерге арналған ашық API жоқ, және Kaspi мұндай қолжетімділікті немесе аномальды көп ағын өтетін кассирді шектей алады. Қосылмас бұрын біліп алыңыз:

Бұл тәуекелді құжаттамада да, офертада да жасырмаймыз: жасыру — салдарын сізге аудару.

Ашықтық

Неге кепілдік бермейміз

Бұл бетте клиент пікірлері әдейі жоқ: сервис нақты төлемдерді 2026 жылғы қазаннан қабылдайды, біз тек келісіммен және компания атымен, пікір үшін жеңілдіксіз жазылған пікірлерді жариялаймыз. Пайда болғанда осында тұрады.

Жаңартылды: 2026-10-25