← qut.kz

Kaspi Pay-ді сайтқа қалай қосу керек

Kaspi қарапайым дүкенге кілті бар ашық API бермейді. Бірақ кез келген Kaspi Pay бизнес-аккаунтында «Кассир» рөлі бар: ол счёт шығарады, QR арқылы төлем қабылдайды және счёттың төленгенін көреді. Qut Pay дәл осы рөл арқылы жұмыс істейді — сіз бөлек кассир қосасыз, оны кабинетте жалғайсыз, сайтыңыз REST API мен webhook алады. Ақша тікелей сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі; платформа оған тимейді.

Қосылу шамамен 15 минут, әзірлеуші тек соңғы қадамда керек (ол да әрдайым емес: WordPress, OpenCart, Telegram-бот, Tilda формасы және төлем сілтемелері кодсыз істейді).

Алдын ала не керек

1-қадам. Бөлек нөмірмен кассир қосыңыз

Kaspi Pay қосымшасында (веб-кабинетте емес): Настройки → Сотрудники → Добавить сотрудника. Жаңа нөмірді жазып, рөлін таңдаңыз.

Рөл тек «Кассир» болуы керек. Kaspi бес рөл ұсынады, біреуі ғана жарайды:

РөлKaspi бойынша не істейдіЖарай ма
Управляющийаударым, қызметкер қосужоқ
Бухгалтерсчёттар, аналитика, салықжоқ
КассирKaspi QR арқылы және қашықтан төлем қабылдау, қайтаруиә
Менеджер магазина / маркетингаKaspi-де әлі қосылмағанжоқ

Нөмірде бірнеше рөл болса (мысалы, «Руководитель, Кассир» — иесінің өз нөмірі солай көрінеді), SMS коды дұрыс болса да қосылу өтпейді.

2-қадам. Сол нөмірмен бір рет кіріп, шығыңыз

Жаңа SIM салынған телефонда Kaspi Pay-ді ашып, кіріңіз (Kaspi оны активация дейді), сосын қосымшадан шығыңыз. Орын босайды — оны Qut Pay алады.

Қосылғаннан кейін кассир нөмірімен Kaspi Pay-ге кірмеңіз: Kaspi бір кассирге бір белсенді құрылғы береді, жаңа кіру біздің байланысты шығарып тастайды. Ол телефонда қосымшаны ұстаудың қажеті жоқ — нөмірге SMS келіп тұрса жеткілікті.

3-қадам. qut.kz-те тіркеліңіз

qut.kz → өз нөміріңізбен WhatsApp, Telegram немесе Google арқылы кіру. Бір минут, құжат сұралмайды. Мұнда жеке нөміріңіз қолданылады, кассир нөмірі емес.

4-қадам. Кассирді кабинетте жалғаңыз

Кабинеттегі Kaspi бөлімі: байланыс атауы → Кассир қосу → 1-қадамдағы нөмір → сол нөмірге келген SMS коды. Пароль ешқашан сұралмайды.

Код шамамен бір минут, бүкіл қосылу сессиясы — шамамен он минут жарамды. Кассир телефоны қолыңызда тұрғанда бастаңыз.

5-қадам. API кілт пен webhook алыңыз

Интеграциялар бөлімі: кілт жасаңыз (qp_test_… — sandbox, qp_live_… — нақты төлем) және webhook адресін жазыңыз — invoice.paid оқиғасы соған келеді.

Сайт жағында бәрі бір сұрауға сыяды:

POST https://api.qut.kz/api/v1/invoices
X-API-Key: qp_live_…
{ "amount": 2500, "externalOrderId": "A-1041", "description": "Тапсырыс A-1041" }
→ { "id": "inv_…", "payUrl": "https://qut.kz/pay/…", "qr": "…" }

Клиент QR немесе сілтеме арқылы төлейді, Kaspi ақшаны сіздің шотыңызға түсіреді, Qut Pay HMAC-SHA256 қолтаңбалы webhook жібереді, сайт тапсырысты төленді деп белгілейді. Толығы — интеграция құжаттамасында, OpenAPI — api.qut.kz/docs.

Неге бөлек нөмір керек

Kaspi бір кассирге бір ғана белсенді құрылғы береді. Өз нөміріңізді берсеңіз, қосылған сәтте телефоныңыздағы Kaspi Pay аккаунттан шығып кетеді — және әр жолы шығады. Бөлек қызметкер нөмірі мәселені толық шешеді: телефоныңызға тиіспейді, Qut Pay тек сол қызметкердің орнын ұстайды.

Кассир нөміріне үш шарт

  1. Нақты SIM, SMS қабылдайтын. Виртуалды нөмір мен IP-телефония жарамайды.
  2. Нөмір иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК/ЖШС тіркелмеген. Әйтпесе Kaspi SMS орнына пароль мен видеоверификация сұрайды — оны SMS арқылы өту мүмкін емес. Иесі кәмелетке толған болуы керек.
  3. Нөмірде тек «Кассир» рөлі. Қосымша рөл болмауы керек.

Kaspi Pay-де ЖК-сі жоқ кез келген адамның нөмірі жарайды: жұбайыңыз, ата-анаңыз, серіктесіңіз. Көбі жаңа SIM алады — 500 теңгеден, мәселе біржола жабылады. SIM белсенді болып тұруы керек: оператор өшірсе, байланыс тоқтайды.

Мобильді қосымшаны қалай қосамыз

Қосымша Qut Pay-ге тікелей жүгінбейді — тек сіздің сервер арқылы:

Қосымша → Сіздің сервер → Qut Pay → Kaspi

API кілт тек серверде тұруы керек. APK не IPA ішіндегі кілтті шығарып алып, сіздің атыңыздан счёт жасауға болады. Реті: қосымша серверден счёт сұрайды → сервер POST /invoices жасайды → payUrl алады → қосымша оны ашады, телефонда Kaspi бірден ашылады → төленген соң сервер webhook алып, қосымшаға хабарлайды.

Қосымша цифрлық тауар сатса (жазылым, премиум, ойын валютасы), App Store мен Google Play өз төлем жүйесін талап етеді. Нақты тауар, жеткізу, қызмет, брондау үшін сыртқы төлем — қалыпты тәжірибе, Kaspi QR осы санатта.

Алдымен sandbox

qp_test_… кілті кассирсіз, нақты ақшасыз істейді: счёттар, webhook, қайтару — бәрі live-тағыдай. Интеграция дайын болғанда qp_live_…-ке ауысыңыз.

Қанша тұрады

7 күн тегін, есеп тіркелуден емес, бірінші нақты счёттан басталады. Одан кейін — айына 4 990 ₸-ден, 800 счёт. Платформа төлемнен пайыз алмайды; Kaspi өз комиссиясын (QR үшін 0,95 %) бөлек ұстайды, бізсіз де солай. Тарифтер және басқа сервистермен салыстыру.

Жиі кездесетін қателер

Kaspi пароль немесе видеоверификация сұрайды. Ең жиісі. Нөмірде «Кассир»-ден басқа рөл бар, не иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелген. Шешім біреу — басқа нөмір.

«Бұл нөмір Kaspi Pay-де жоқ» немесе ЖСН сұрайды. Нөмір «Сотрудники»-ге қосылмаған. 1-қадамға оралыңыз.

SMS келмейді. SIM өшік, код өткен, не Kaspi уақытша шектеген. Телефонды қосып, бір минут күтіп, қайта бастаңыз.

SMS орнына жүктеу сілтемесі келді. Қалыпты — Kaspi қызметкер қосылғанын солай хабарлайды. Ештеңе жүктеудің қажеті жоқ.

«Басқа құрылғыдан кірген». Кассир нөмірі басқа телефонда Kaspi Pay-де ашық. Сол жерден шығып, қайта жалғаңыз.

Байланыс үзілді. Біреу кассир нөмірімен Kaspi Pay-ге кірген. Кабинетте қайта жалғаңыз; үзілу туралы хабар Telegram-ға келеді.

Webhook жетпейді. Адрес паролмен жабық болмауы керек. Тексеруге webhook.site жарайды.

Бұл не емес

Qut Pay — сіздің өз Kaspi Pay аккаунтыңыздың үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис. Біз «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбегенбіз, Kaspi атынан ештеңе уәде етпейміз. Бізде тек «Кассир» рөлінің құқығы бар: счёт шығару, күйін көру, өз счёты бойынша қайтару. Ақшаға қол жетпейді — төлем сіздің Kaspi шотыңызға түседі. Байланысты кабинеттен кез келген уақытта үзесіз.

Қадамдар бойынша сұрақ болса — кабинеттегі Қолдау бөлімі немесе беттің төменгі жағындағы байланыстар.

Жаңартылды: 2026-10-17